USD
USD
USD

Бокстан ӘЧ: Үш қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталады. Olympic.kz кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын спортшылар тізімін ұсынады.

Бокстан ӘЧ: Үш қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Бүгін, 28 қазан күні әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан сапынан ел намысын үш спортшы қорғайды. 

92 келіде Нұрлан Сапарбайдың алғашқы қарсыласы испаниялық Гадфы Дрисси болады. Екеуара кездесу 19:15-ке жоспарланған. 

Ал кешкі сессияда екі қазақстандық боксшы бақ сынайды. 57 келіде Серік Теміржанов жапониялық Рейто Цуцумиге қарсы шықса, 67 келіде Абылайхан Жүсіпов Венесуэла спортшысы Кристиан Паласиомен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова