USD
USD
USD

Бокстан ӘЧ: Ширек финал жекпе-жектері бүгін болады

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екі сессияға бөлініп, өнер көрсетпек. 

Бокстан ӘЧ: Ширек финал жекпе-жектері бүгін болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама сапындағы 13 боксшының үшеуі жарыс жолынан шығып қалса, 10 боксшы ширек финалда жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі.

Күндізгі сессияда бес қазақстандық шаршы алаңға шығады. Олардың шаршы алаңға шығатын уақыты төмендегіше:

18.00. Теміртас Жүсіпов (48 келі) - Нодиржоном Мирзахмедов (Өзбекстан).

18.45. Махмуд Сабырхан (51 келі) - Майкл Тринидад (Бразилия)

19.00. Саматәли Төлтаев (60 келі) - Софьян Умиа (Франция)

19.45. Абылайхан Жүсіпов (67 келі) - Чинзориг Баатарсух (Моңғолия)

20.00. Нұрқанат Райыс (75 келі) - Сальваторе Кавалларо (Италия)

Ал кешкі сессияда тағы бес қазақстандық ел намысын қорғайды. Олардың рингке шығатын уақыты төмендегіше:

23.00. Сәкен Бибосынов (51 келі) - Юберхен Мартинес (Колумбия)

23.30. Серік Теміржанов (57 келі) - Эдуард Саввин (Ресей)

00.15. Санатәли Төлтаев (63,5 келі) - Ризо Линч (Шотландия)

00.30. Асланбек Шымбергенов (71 келі) - Юрий Захареев (Украина)

01.00. Нұрбек Оралбай (80 келі) - Владимир Мирончико (Сербия)

Күндізгі сессия елорда уақытымен сағат 18.00-де, кешкісі 23.00-де басталады. Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі