USD
USD
USD

Бокстан ӘЧ: Қоржында 5 медаль бар

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалы аяқталды. 

Бокстан ӘЧ: Қоржында 5 медаль бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға барған 13 боксшының 10-ы ширек финалға шықты. Ал, жартылай финалға тек 5 оғланымыз жолдама алды. Жоқ дегенде 5 қола қоржында дей беруге әбден болады. 

Бірақ, біздің жігіттер әлем біріншілігінің негізгі фавориті ретінде бағаланып отыр. Ең жеңіл салмақта өнер көрсеткен құрама «ардагері» Теміртас Жүсіпов қарсыластарын айқын басымдықпен жолда қалдырып келеді. Ал, Махмуд Сабырхан болса өрнекті өнерімен шетелдік мамандарды да таңдай қақтырып отыр. Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов те алтыннан дәмелі. Серік Теміржанов та қарсыластың ешбіріне дес бермей отыр. Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін алған Сәкен Бибосынов Белградқа тек алтын үшін келдім деген-ді. Оның да ауылы алыс емес.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова