USD
USD
USD

Бокстан ӘЧ: Хальзова топ жарды

Түркияның Ыстанбұл қаласында басталған әйелдер арасындағы бокстан 2022 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Валентина Хальзова алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бокстан ӘЧ:  Хальзова топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел құрамасынан Валентина Хальзова 70 келі салмақта кениялық Лорна Куса Симбимен қолғап түйістірді. Кениялық боксшы Валентинаға лайықты қарсылық көрсете алған жоқ.

Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде бірінші раунд аяқталмастан төреші оның қолын көтерді. Осылайша Валентина Хальзова жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Валентина Хальзова 1997 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылы елордамызда өткен әлем чемпионатында 69 келі салмақта чемпион атанған болатын.

Ал 2017 жылы Азияның күміс жүлдегері болды. Енді 10 мамырда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллонмен жекпе-жек өткізеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі.

Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев