USD
USD
USD

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды

Бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт нақтыланды.

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері 26 қазан мен 6 қараша аралығында Сербия астанасы - Белград қаласында бақ сынайды. Бұл жөнінде AIBA басшылығы мәлім етті. Айта кетейік, әлем чемпионаты 1974 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық боксшылар барлығы 46 медаль еншілеген болатын. Олардың 12-і алтын, 13-і күміс, 21-і қола медаль. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен дүбірлі додада қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) алтын олжалады. Ал Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) күміс алса, Сәкен Байбосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Василий Левит (91 келі) қола жүлдегер атанды.

Қазір оқып жатыр

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Арақ

«Құжаттарды Боқаев әкелді»: сотта бұрынғы кәсіподақ төрайымы жауап берді

бокаев

Жойылудың аз-ақ алдында тұрған: ханзада Уильям Қазақстанның киіктерін мысалға келтірді

Киік

Айсұлтан Сейітовті плагиат жасады деп айыптады: режиссер не дейді?

Айсұлтан Сейітов