Референдум Референдум
USD
USD
USD

Бокстан ұлттық құрама үздіктері «Странджа» турнирінде бақ сынайды

Бокстан ұлттық құрама көшбасшылары Болгарияда өтетін «Странджа» турнирінде (24 ақпан – 2 наурыз) бақ сынайды.

Бокс странджа
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Биылғы бокс маусымы ұлттық құрама үшін қарқынды басталып жатыр. Жыл басынан бері қазақ боксшылары Испания мен Сербияда өткен халықаралық турнирлерге қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

Ендігі негізгі жарыстың бірі – Болгариядағы «Странджа» турнирі. Көпшілік бұл жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Болгариядағы бәсекеге Қазақстан құрамасынан бөлек, Алжир, Қытай Тайпейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Грекия, Мажарстан, Моңғолия, Косово, Словакия, Түркия және жарыс қожайындары Болгария мемлекеттері қатысады.

Биыл ұлттық құрама қатарына бірнеше жаңа есімдер қосылды. Оның ішінде жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан бар. Жерлесіміз алғаш рет ересектер бәсекесінде өнер көрсетпек. Сонымен қатар Париж Олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай, әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, ұлттық құрамаға қайта оралған Абылайхан Жүсіпов, Париж Олимпиадасының қатысушылары - Махмұд Сабырхан мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы және тағы басқа тәжірибелі боксшылар Болгарияда шаршы алаңға шығады. Тағы бір айта кетерлігі, бірнеше боксшы басқа салмақтарда бақ сынап көреді.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасының боксшылары 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандық боксшылар 12 алтын, 16 күміс, 28 қола медаль жеңіп алған. Бір қызығы, бүгінге дейін бірде-бір қазақстандық боксшы бұл турнирде екі мәрте чемпион болмаған. Биылғы құрамда Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан бұл межені бағындыруға мүмкіндігі бар.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов