USD
USD
USD

Бокстан Олимпиадаға іріктеуде Валентина Хальзова 1/4 финалға шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін 1/8 финалда Валентина Хальзова (75 келі) финалға шықты.

Олимпиадаға іріктеу
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы жарыстың аталған сатысында сағат моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Валентина Хальзова 1997 жылы дүниеге келген. 2016 жылы әлем чемпионы атанса, 2022, 2023 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созды.

Ал 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль алды.

Енді ел құрамасынан 16:30-да 1/8 финалда Назым Қызайбай (50 келі) ұлыбританиялық Саванна Стублеймен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 18:45-те Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бесінші жолдама үшін колумбиялық Хосе Мануэль Виафарамен қолғап түйістіреді.

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.