USD
USD
USD

Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде бірінші орынға көтерілді

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 турнирінде 21 медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды. Ал 11 спортшы күміс жүлдеге ие болса, алты боксшы қола жүлдеге қол жеткізді.

Алтын жүлдені Арман Мірсәбит (46 келі), Дулат Азиз (57 келі), Төреғали Сейдуллаев (70 келі) және Әділ Меделхан (80 келі) жеңіп алды.

Күміс медальға Алмас Жүнісов (46 келі), Асылан Жеңісбаев (48 келі), Едіге Нұрғожа (50 келі), Ұлас Әлімжан (52 келі), Мадияр Әбдікаримов (54 келі), Амар Рамазан (63 келі), Темірлан Ералиев (66 келі), Абылай Талғат (70 келі), Мансұр Амантай (75 келі), Нұрасыл Айтекеев (80 келі) және Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қол жеткізді.

Ал үздік үштікті Заманхан Амангелді (50 келі), Саят Қаратаев (60 келі), Дарын Тасмұханбетов (63 келі), Таңнұр Сейсенбай (75 келі), Бақдәулет Тәжі (80 келі) және Темірлан Найзабасов (80 келіден жоғары) түйіндеді.

Осылайша отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.