USD
USD
USD

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдегі халықаралық жарысқа аттанды

Ресейдің Чита қаласында бокстан «Еуразия кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Аталған бәсекеге Қазақстан жастар құрамасы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Алексей Хаванцев және тағы басқа спортшылар команда осы жерде екі апталық бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

26-31 тамыз аралығында өтетін турнирге Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Армения, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Венесуэла, Куба, Беларусь, Тәжікстан, Корея және тағы басқа елдерден боксшылар қатысады.

Жақында ғана ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған Қайрат Сәтжанов осыған дейін жастар құрамасын жаттықтырған еді. Сәтжанов жастардың қарқынын байқау үшін арнайы Читаға арнайы келді.

Бұл аралықта оқу-жаттығу жиынын бапкер Бағдат Оңғарбеков бақылады. Айта кетелік, Ресейдегі турнир қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып саналады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.