Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлер құрамы жасақталды

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс, бапкерлер
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізуде. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.

Команданың бапкерлер құрамы:

1. Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы

2. ⁠Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

3. ⁠Ілияс Оралбеков

4. ⁠Нұркен Андасов

5. ⁠Азамат Мақажанов

6. ⁠Талғатбек Жакпеков

7. ⁠Нұржан Насанов

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.

Айта кетелік, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы