USD
USD
USD

Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

Бокстан Италияда 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирге Шәміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшыларымыз және өзге жаттықтырушылар алқасы Астанадан аттанып кетті, деп хабарлады olympic.kz.

Бокс, қыздар командасы
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Париж Олимпиадасының жолдамасына қазақстан қыздарынан 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors