USD
USD
USD

Бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы: Қазақстандықтардың қарсыласы белгілі болды

Бокстан World Boxing ұйымы өткізгелі жатқан Фос-ду-Игуасудағы (Бразилия) Әлем кубогының жеребе тарту рәсімі өтті.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 130 спортшы жүлдеге үшін бақ сынайды. Азия құрлығынан аталмыш жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тайбэй және Үндістан қатысады.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды:

- 50 келі, ширек финал: Нұрзат Оңғаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

- 55 келі, 1/8 финал: Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия)

- 60 келі, ширек финал: Талғат Сырымбетов – Луиз Оливейра (Бразилия)

- 65 келі, 1/8 финал: Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия)

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

- 70 келі, ширек финал: Дархан Дүйсебай

Ширек финалда Макан Траоре (Франция) мен Криштиану Перейраның (Бразилия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

- 80 келі, ширек финал: Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)

- 85 келі, жартылай финал: Дәулет Төлемісов

Жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция) немесе Жугно Жугномен (Үндістан) жекпе-жек өткізеді.

- 90 келіден жоғары, ширек финал: Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан)

Әйелдер арасында:

- 51 келі, ширек финал: Жазира Орақбаева — Каролин Алмейда (Бразилия)

- 54 келі, ширек финал: Анита Адишева — Виктория Рогалиньска (Польша)

- 57 келі, жартылай финал: Ұлжан Сәрсенбек — Юлия Шеремета (Польша) / Алиса Мендоса (АҚШ)

Турнир 5 сәуірде мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы