Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Оқу-жаттығу жиынында алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бас қосты.
Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сейдалиннің айтуы бойынша бұл бастаманың пайдасы мол.
«2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар. Сенбі күні тауға қарай жаяу жүрдік. Осы оқу-жаттығу жиынына 150 спортшы қатысты. Ал қалған жаттығулар өз жастарына сай өтеді. Спортшылардың және жаттықтырушылардың да көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 жыл берекелі болады деген үміттеміз», – дейді бас бапкер.
Қазір оқып жатыр
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты
«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды
Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді