USD
USD
USD

Бокстан әлем чемпионаты: Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Аида Әбікеева
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енмен жұдырықтасты.

Алғашқы үш минуттықта бірнеше соққыны жіберіп алған оңстүстіккореялық боксшы келесі раундтарда Аиданың осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors