USD
USD
USD

Боксшының өліміне күдікті ұсталды

Шахтинск тұрғыны 24 жастағы боксшыны өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Боксшының өліміне күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 20 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылып отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полициядағылар. Еске салайық, 20 тамызға қараған түні Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен 24 жастағы жігіт жеткізілген болатын. Ол ес-түссіз болған, өкінішке қарай, ауруханада қайтыс болды. Кейін қайтыс болған жігіттің кәсіпқой бокспен айналысқаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы