USD
USD
USD

Боксшының өліміне күдікті ретінде 20 жасар тұрғын ұсталды

Боксшы Иван Тацийдің өліміне күдікті ретінде Шахтинскінің 20 жасар тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Боксшының өліміне күдікті ретінде 20 жасар тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шахтинскінің 20 жасар тұрғыны ұсталды (боксшы Тацийдің өліміне күдікті ретінде – ҚазТАГ). Ол мойындап түсініктеме берді. ҚР ҚК 99 бабы (адам өлімі) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 20 тамызда хабарланғандай, полиция Шахтинскіде 24 жасар боксшы Иван Тацийді пышақтап кеткен күдіктіні іздестіруде. Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, қылмыскер спортшының жүрегіне ауыр пышақ жарақатын салған. Қарағанды облысы спорт басқармасында хабарлағандай, марқұм бокстан облыс құрамысының мүшесі болған екен.
26 тамызда Қарағанды облысы полиция департаменті Шахтинскіде боксшы Иван Тацийдің өлімі туралы іске қатыстылардың арасында полицейлердің жақын туыстары бар болып шыққанын растады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов