USD
USD
USD

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша, Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді. 

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі