USD
USD
USD

Боксшы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жек спортына ауысты

 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова ММА спортына ауысты. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Боксшы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жек спортына ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, 30 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтетін атақты Alash Pride промоушенінің турнирінде алғаш рет бақ сынайды. «Менің осы жарысқа қатысатыным биылғы наурыз айында шешілген болатын. Сол кезде Дубайда өткен халықаралық EXPO 2020 көрмесінде Alash Pride KZ клубының президенті Данияр Қасқарауовпен кездесіп, келісімге келдік» деп жазады Фируза Шәріпова. Қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз. Оның есімі жақында жарияланады дейді спортшы.

Естеріңізде болса, 2019 жылы Фируза Шәріпова спортпен қош айтысып, сәбилі болған еді. Дегенмен арада бір жыл өткенде 25 жастағы спортшы кәсіби боксқа қайта оралған. Сол жылы Қазанда өткен кәсіби бокс кешінде IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанды. Ол танзаниялық Хэппи Даудимен рингке шықты. Ал былтыр желтоқсанда жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлордан жеңіліп қалған еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста осымен екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер