USD
USD
USD

«Боксшы» фильмі тегін көрсетілді

Алматыда «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы мәлім етті.

«Боксшы» фильмі тегін көрсетілді
Фото: NEGE.kz

Аламты, NEGE. Алматыда жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Kinopark кинотеатрлар желісі, Magnum Сash&Сarry супермаркеттер желісі және «Я Алмаатинец» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Боксшы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

Фильм басталмас бұрын ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтар сыйлап, тәтті тарту етті. Фильмнің режиссері Ақан Сатаев пен басты рөлді сомдаған актер Смадияр Сабыров балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Естеріңізге салайық, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы «Боксшы» фильмі үстіміздегі жылы желтоқсан айында прокатқа шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net