USD
USD
USD

Боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты іс «Бұзақылық» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігі 18 маусымда Астанадағы «Мега» сауда орталығындағы дәмханада қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады»,- делінген хабарламада. 

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков