USD
USD
USD

Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады.

Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 6 қараша күні АҚШ-тың Миннесота қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррел (8-0, 7 КО) қолғап түфістіріп, 12 раундта нокаутқа түскен еді.

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық