USD
USD
USD

Боксшы жекпе-жектегі жеңілісінен кейін мерт болды

Танзанияда 29 жастағы боксшы жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң мерт болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

спортшы
Фото: sport5.by

 

Алматы, NEGE. 27 желтоқсанда Дар-эс-Саламда Хассан Мгайя жерлесі Пол Элиастан жеңілген соң үш күннен кейін қаза тапты.

Марқұм басынан бірнеше рет соққы алып, құлаған кезде тілін тістеп алған. Жекпе-жектен кейін боксшы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

"Танзаниялық кәсіпқой боксшы Хассан Мгайя 30 желтоқсан күні 27 желтоқсанда нокаут кезінде алған жарақаттарынан мерт болды. Бүкіл WBC чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – деп хабарлайды дүниежүзілік бокс кеңесі.

29 жастағы Мгайя кәсіпқой рингте тоғыз рет жекпе-жек өткізген. Ол үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліп, екі жекпе-жегінде тең түсті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл