Референдум Референдум
15 Желтоқсан 17:18
...

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасына қатысты тың ақпарат айтылды

instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты тексерудің жаңа кезеңі қашан басталатыны белгілі болды.

Референдум

Астана, NEGE. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты В сынамасын ашу күні мен уақыты белгіленгенін хабарлады.

«Бұл кезең процестік ашықтық пен спортшының құқықтарын сақтау тұрғысынан өте маңызды. Халықаралық тәжірибеде B үлгісін талдау тек бастапқы А үлгісінің деректерін растау немесе теріске шығару қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі. Процедураны тәуелсіз, аккредиттелген зертхана жүргізеді және хаттамалар қатаң сақталады, оның ішінде спортшылардың өкілдері мен мүдделі тұлғалардың қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Дәл осы механизм объективтіліктің және кез келген қателік пен түсіндірмелерді болдырмаудың негізгі кепілі болып саналады», – деп мәлімдеді ол.

Оның жазуынша, B сынамасын ашатын күнді белгілеу бұзушылықты мойындау емес. Бұл – ақырғы фактілерді анықтауға бағытталған халықаралық допингке қарсы ережелерде қарастырылған стандартты реттеу қадамы.

Федерация президенті екі сынақтың да нәтижесі бойынша ресми қорытынды алғанға дейін Әлімханұлына қатысты жағдай жөнінде ашық болжамдар жасамайтынын және пікір білдірмейтінін мәлімдеді.

Ерденбеков В сынамасы ашылатын күнді нақты жариялаған жоқ, бірақ ол әлі де Vada-дан А сынамасына қатысты ресми және егжей-тегжейлі жауап күтетінін айтты.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді. 7 желтоқсан күнгі жекпе-жек алдында ол допинг тестінен өте алмады.

Референдум