Референдум Референдум
5 Наурыз 10:10
...

Боксшы Данияр Елеусіновтің жары екі әйелді жұдырықтады деп айыпталуда

Данияр Елеусінов
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қарағандыда анасы мен қызы бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелінің үстінен полицияға арызданды. Айтуларынша, спортшының жары оларға жұдырық жұмсаған. 

Референдум

Астана, NEGE. Арызданушы Әсел Жабықбаеваның 31-арна тілшісіне мәлімдеуінше, бұл оқиға Майқұдықтағы шағын аудандардың бірінде тұратын анасының пәтерінде болған. Кешкі уақытта «біреу айғайлап, есікті қатты қаққан». Есікті ашқанда, келген қонақ өзін «көрші атаның немересімін» деп таныстырып, айғайға басқан.

«Бізді "атамды балағаттадыңдар" деп негізсіз айыптады. Бірден ішімнен екі рет теуіп жіберді. Сонан соң шашыма жармасты. Сол сәтте оның атасы жүгіріп кіріп, анамның басынан жұдырықпен ұрып үлгерді», – дейді Әсел Жабықбаева.

Айтуларынша, анасы мен қызы шақырылмаған қонақтарды кіреберіске итеріп шығарған, бірақ сонда да ол есікті тепкілей берген.

Жарақат пунктінде дәрігерлер Әселдің анасының саусағының сіңірі жыртылғанын, миы шайқалғанын және маңдайы ісіп кеткенін анықтаған. Ал Әселдің жұмсақ тіндері көгерген. Анасы мен қызы полицияға арызданған. Кейін бөлімшеге боксшының өзі де келген. Сол кезде өзін Саида деп таныстырған келіншек күйеуінің Олимпиада чемпионы екенін айтқан.

«Сол сәттен бастап қызметкерлердің бізге деген қарым-қатынасы күрт өзгерді. Ол Олимпиада чемпионының атын пайдаланып, дандайсып кетті. Бұл – оның басты уәжі», – дейді Әсел.

Боксшының жұбайы да қарсы арыз жазған. Жәбірленушілер полицейлер тек сол арыз бойынша ғана жұмыс істеп жатыр деп есептейді.

Бұл жайтқа Данияр Елеусіновтің жұбайы Саида да пікір білдірді. Ол сексеннен асқан атасын қорғамақ болғанын айтады.

«Меніңше, олар Даниярдың аты-жөнін пайдаланып, хайп жасағысы келеді. Мен үйге кіріп, "мен спортшының немесе Олимпиада чемпионының әйелімін" деген жоқпын. Жұрт алдында жүрген адам емеспін. Айғайластық. Сөзден сөз шығып, ұстасып қалдық», – дейді Саида.

Полицейлер бұл оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді.

«Түскен барлық арыз-шағым бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Зардап шеккендер денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Ол заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.

Референдум