Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бокс жаттықтырушысы соққыға жыққан мектеп оқушысы ауруханаға түсті

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыны ұрды,  деп хабарлайды өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Бокс жаттықтырушысы соққыға жыққан мектеп оқушысы ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство хабарына қарағанда, 26 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауруханаға "мұрын сүйектері жарақаты" диагнозымен жасөспірім келгені туралы хабарлама түскен. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен жәбірленушінің 34 жастағы жаттықтырушысын анықтады. Ол өзі бокс бапкері болып жұмыс істейтін спорт залды тазалап жатқанда қасына оқушыларының сыныптасы келгенін айтты. Онымен әңгімелесу кезінде оқушы дөрекі сөйлесе бастаған, содан кейін жаттықтырушы шыдай алмай, оның бетінен ұрған. Қазақстан Республикасы Қлымыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ басшысы Талғат Сейілханов.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық