USD
USD
USD

Бокс: АҚШ-та төрт қазақ жігіті бір кеште өнер көрсетеді

4 қазақ жігіті бір кеште өнер көрсетеді.

Бокс: АҚШ-та төрт қазақ жігіті бір кеште өнер көрсетеді
Фото: NEGE.kz

4 маусым күні АҚШ-тың Миннесота штатында 4 бірдей жерлесіміз шаршы алаңға шығады. Бұндай жағдай Қазақстан кәсіпқой бокс тарихында алғаш рет болғалы тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE.  Атап айтқанда, жақында ғана әуесқой боктсан  ауысқан Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Бұған қоса ешбір жеңіліс көрмей келе жатқан Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов та кезекті рет өз мықтылығын дәлелдемек.

Олар американдық Стивен Фултон және Даниэль Роман айқасының андеркардында шығады. Кейінгі екеуі жеңіл салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Айта кетейік, қазақстандық «Сүлеймен Промоушен» қанатының астындағы боксшылар бірер ай бұрын Сауль Альварестің жаттығу лагерінде болып, бірлескен дайындық жүргізді. Бұған қоса төрткүл дүниеге танымал промоутер Боб Аруммен кездесті. Ол «қазақ жігіттері алдағы бірер айда Американы тәнті етеді» деген пікір білдірген еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы