USD
USD
USD

Жігіттің көлігін ұрлаймын деп бойжеткен апатқа түсті

Нұр-Сұлтан қаласында 20 жастағы бойжеткен жігіттің автокөлігін ұрлаймын деп ұсталды.

Жігіттің көлігін ұрлаймын деп бойжеткен апатқа түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат 02.40 кезінде полиция бөлімшесіне «Тойота Камри 50» автокөлігі ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Жәбірленуші жігіттің сөзінше, ол жақында танысқан қызды кездесуге шақырған. Алғашқы кездесуінде-ақ бойжеткен жігітің автокөліктен шыққанын аңдып отырады да сол сәтте көлікті от алдырып, айдап алып кетеді. Бірақ қыз ұзаққа бара алмай, Керей, Жәнібек хандар көшесі мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көлік апатына ұрынады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері көлікті де, күдіктіні де тапты. «Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Қазір аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы («Автокөлікті заңсыз иелену») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – дейді елордалық полиция департаментінің мамандары.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян