USD
USD
USD

«Богатырь Көмірдің» ақшасын ұрлады деген күдікпен үш адам қамауға алынды

Павлодар облысы бойынша ҚМА департаменті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның (жарғылық капиталдың 50% «Самұрық-Қазына»-ға тиесілі) қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

тергеу
Фото: samruk-energy.kz

Астана, NEGE. Агенттік ақпаратынша, бірнеше коммерциялық компаниялардың жетекшілерінен құралған топ бұрын қолданылған қосалқы бөлшектерді жаңа зауыттық өнімдер ретінде көрсетіп, кәсіпорынға жеткізу схемасын ұйымдастырған.

Схеманы жүзеге асыру үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға жауапты қызметкері тартылды. Ол ауыстырылған бөлшектерді кедергісіз қабылдануын қамтамасыз етіп, формалды түрде олардың талаптарға сәйкес екенін растап отырды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екі жыл бойы жалған сәйкестік сертификаттары бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автожабдықтар және тежегіш жүйелердің элементтері жаңадан берілгендей етіп жеткізілгені айтылады.

Нәтижесінде «Богатырь Көмір» ЖШС-на 123 млн теңге зиян келген.

Кейін алынған қаражат жалған келісімшарттар арқылы байланысы бар ЖШС және жеке кәсіпкерлер арқылы шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған, – делінген хабарламада.

Тексеру барысында күдіктілерден 27 млн теңге қолма-қол ақша тәркіленген. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі 6 автокөлік, соның ішінде «Cadillac Escalade», «Range Rover», «Toyota Land Cruiser 250» көліктеріне қамау қойылған.

Үш күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев