Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Boeing 737 МАХ ұшағы қауіпті деп танылды

АҚШ-тың Федералды авиациялық басқармасы (ФАБ) 2018 жылдың қазан айында Boeing 737 MAX ұшақтарын пайдалануды қауіпті деп тапқан, алайда бұл маркалы ұшақтарды әлі күнге қолданыстан шығармай келеді», деп жазады The Wall Street Journal басылымы.

Boeing 737 МАХ ұшағы қауіпті деп танылды
Фото: NEGE.kz

Авиабасқарма сарапшылары аталған моделдегі ұшақтардың ұшуды автоматты басқару тетігіне тез арада өзгеріс енгізіп, қайта жаңғыртпаса, бұндай ұшақтар 2-3 жылда бір рет авиаапат болып тұруы мүмкін деп отыр. Өйткені, бұл ұшақ бұған дейін бірнеше рет әуе апатына ұшыраған Boeing 737 МАХ 8 ұшағын алмастыру үшін құрастырыла бастаған.

Биылғы жылдың наурыз айында Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам мерт болған. Boeing корпорациясының басшылығы осы оқиғадан кейін Lion Air және Ethiopian Airlines компанияларының ұшақтарында құрастыру кезінде толықтай шешімін таппаған техникалық ақаудың бар екендігін мойындаған. Осы мәселеден соң АҚШ, Ресей, Еуроодақ елдері қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында аталмыш моделдегі ұшақтан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев