USD
USD
USD

Боччадан халықаралық турнирде отандасымыз алғашқы қола жүлдегер атанды

Финляндияның Лахти қаласында өткен боччадан халықаралық жарыста отандасымыз Қуаныш Асқарбеков қола медаль олжалап, байрақты бәсекеде жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Боча
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынына командалық сайыста өнер көрсеткен Итиана Шыңғысханова, Александр Құрмантаев және Қуаныш Асқарбеков тағы бір қола жүлдені салды.

Сонымен қатар жекелей сында бақ сынаған Итиана Шыңғысханова – төртінші, Меруерт Тілебалды – бесінші, Балжан Бөлекпаева – алтыншы, Темірлан Алтынсары сегізінші орынды иеленді. Ал жұптық сайыста бақ сынаған Темірлан Алтынсары мен Аружан Жеңіс жұбы алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 27-31 мамыр күндері Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті