USD
USD
USD

BMW, Nissan, жедел жәрдем көлігін ұрлаған ер адам полицейлерді әбігерге салды (видео)

1994 жылы туған ер адам Алматы қаласы мен Алматы облысында түнде әбігерге түскен. Ол екі көлік пен жедел жәрдем көлігін ұрлаған.

BMW, Nissan, жедел жәрдем көлігін ұрлаған ер адам полицейлерді әбігерге салды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адамның көлік ұрлаған видеосы желіде лезде тарады. 

Алматы полициясы мәліметінше, 31 шілдеде сағат 21.45-те Құлжа тасжолы бойындағы тұрғын үй кешені аумағынан BMW көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Ұры басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай Есік қаласына жеткенде, қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен.

Көп ұзамай күдікті қыздың Nissan көлігін ұрлап кеткен, бірақ тасжолда аударылып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған кезде, шабуылдаушыға оны да ұрлау идеясы келген.

"Облыстық жедел жәрдем бекетіне тиесілі Jac Sunray-мен қалаға қайта келгенде, оны патрульдік полиция экипажы "Ұстау" жоспары бойынша ұстады. Күдікті - 1994 жылы туған ер адам, медициналық куәландыру барысында есірткі тұтынғаны анықталған. Ол қамауда", - деді полицейлер.

Бөтен көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша Медеу аудандық ПІБ жанындағы полиция бөлімінде, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ АІІБ-да үш қылмыстық іс тіркелген.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді