USD
USD
USD

Блогерлер донорлық қан тапсырып жатыр

Алматыда коронавирус инфекциясын емдеу үшін донорлықты насихаттау акциясы басталды.

Блогерлер донорлық қан тапсырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл бастаманы белгілі блогерлер, белсенділер ұйымдастырды. Олардың ішінде коронавируспен ауырған блогерлер де бар.

ТМД аумағында бірінші рет қолға алынып отырған бұл акцияның басты мақсаты – науқастардың денсаулығын сақтауға қоғам үлесін қосуды насихаттау.

«Өмірге үміт сыйла» деп аталатын акцияға 2 апта дайындалдық. Бұл игі бастаманы Қайрат Құдайбергенов бастады. Біздің идеямызды қала әкімдігі де қолдады. Бүгін Қан орталығына көп адамды жинап, қан тапсыруға үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз», – деді блогер Владимир Волков.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, қан плазмасы кәдімгі вакцинаның орнын алмастырады.

«Егер қан талдауы барлық жағынан таза болса, қан тапсыру – әр азаматтың борышы деп санаймын. Себебі, адамдарға қан кез келген жағдайда керек болады. Бұл материал ауырып жатқан көптеген азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етпек», – деді белгілі қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жыл басынан 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды: Жұманғарин себебін түсіндірді

жұманғарин

Алаяқтар 36 млн теңгені Нұрбанк арқылы өткізген: сот ақшаны жәбірленушіден өндірмек

коллажды кұрастырған NEGE/ЖИ көмегімен жасалған

«2 мың жасырын орын ұйымдастырған» : Астанада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Күдікті

«Яндекс Диск» қызметіндегі ақаудан кейін Кенесары туралы фильм материалдары жоғалып кеткен

 «Яндекс Дисктегі» материалдар