USD
USD
USD

Блогер Ұлан Әбішев Тоқаевты Джон Кеннедиге теңеді

Президент жолдауы Джон Кеннедидің «Жаңа шеп» бағдарламасын еске түсіреді. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» директорының орынбасары, блогер Ұлан Әбішев

Блогер Ұлан Әбішев Тоқаевты Джон Кеннедиге теңеді
Фото: NEGE.kz

Nege.kz тілшісіне мәлімдеді.

«Өзекті мәселелер ауқымды және терең қамтылды. Қоғамды мазалап отырған түйткілдерге орасан зор зерттеу жұмыстары жасалып отыр. Сондай-ақ әр өңірдегі жүйелі мәселелер сараптан өткен. Соның ішінде әлеуметтік ахуал бар», – дейді Ұлан Әбішев.

Оның пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған бастамалардың ішінде ең маңыздысы – 1990 жылдары жойылған облыстарды қайта қалпына келтіру.

«Өз басым, Семей қаласы мен облыс тұрғындары үшін қуанып отырмын. Енді олар өз потенциалын айқын көрсетіп, қазақстандық қоғамның рухани-моральдық тұрғыдан ұйысатын орталықтарының бірі бола алады», – дейді Ұлан Әбішев.

Блогердің айтуынша, Абайдың туған жері Жидебай – Семейдің Абай ауданында, Қарауыл өзенінің бойында орналасқан. Ұлы ақынның соңғы 10 жылы да осы топырақта өтіпті. Жидебайда Абай 75-76 лирикалық өлеңін, 45 «Қара сөзінің» 27-сін Жидебайда жазыпты. Лермонтов пен Крыловтың шығармалары осы жерде қазақ тіліне аударылған.

Ұлан Әбішевтің сөзіне қарағанда, Семей қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан соң, Абай мұрасын зерттеу қарқын алады. Бұл қоғамдық сананың жаңғыра түсуіне ықпал етеді. Бейбітшілік пен түрлі этностар арасындағы келісімді бекітеді.

«Бұл тек Семей өңірінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, мемлекеттік идеологиялық саясаты жүргізуде де маңызға ие», – дейді Ұлан Әбішев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай