USD
USD
USD

Блогер Ерболат Жанәбіловтің көлік ұтысына қатысты ісі сотқа түсті

Мәліметтер «Сот кабинеті» порталында жарияланды.

Блогер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс түсті.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабы, 6-бөлігіне сәйкес, Ерболат Жанабыловқа «Лотереяны лотерея операторлары емес тұлғаның ұйымдастыруы» дерегі бойынша хаттама жасалды. Сот отырысының нақты уақыты мен орны қосымша хабарланады. Әзірге Эльмира Толегеноваға қатысты тексеру аяқталмаған. Оның ісі бойынша шешім тексеру нәтижелері шыққан соң қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыпты блогерлер Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбілов 30 мың теңге тұратын курсты сатып алғандарға он көлік сыйлаймыз деп уәде еткен. Курста олар онлайн-сервистер арқылы тауарларды тапсырыс беруді үйретеміз деп мәлімдеген.

Ведомство өкілдері заң бойынша лотереялар мен ұтыс ойындарын тек ресми операторлар ғана өткізе алатынын еске салды. Сондай-ақ күмәнді «гивтерге» қатысудың қауіпті екені ескертілді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев