USD
USD
USD

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова оқырмандарына ұтысқа тігеміз деп уәде еткен автокөліктер саудаға шығарылды.

Көлік
Фото: e-qazyna.kz

Астана, NEGE. Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті электронды сауда-саттық порталында сегіз Hyundai Elantra автокөлігі сатылатыны туралы хабарландыру жариялады. Көліктер «Zhana Business» ЖШС-ға тіркелген, оның құрылтайшысы таяуда үкім шыққан блогер Эльмира Төлегенова екені мәлім.

Сауда-саттық 7 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген. Жеті көлік 8 395 000 теңгеге, ал бір көлік одан 5 мың теңгеге арзан бағаланған. 

Әзірге өтінімдерді тек құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бере алатыны ескертілген. Егер көліктер алғашқы саудада сатылмаса, екінші кезекте кез келген сатып алушыға қолжетімді болады.

Еске салсақ, блогерлер онлайн-курстар сатумен қатар, заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын. Тергеу мәліметінше, олар жүлделерді өз қаражатына сатып алғандай көрсеткен. Алайда іс жүзінде сыйлықтар қатысушылардан жиналған ақшаға алынған.

Сот блогерлерді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде – 247 млн теңге табыс тапты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырған деп таныды.

Үкімге сәйкес, Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Эльмира Төлегенова да 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, оның жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты