USD
USD
USD

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған тұрмыстық жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. 

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова
Фото: Эльмира Төлегенова/instagram.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық полиция қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіде бірнеше алаңдатарлық сторис жариялады. Ол видеоүндеуде гардеробта тығылып отырғанын, күйеуі екінші телефонын алып қоймақ болғанын айтты.

«Арамызда төбелес болған жоқ. Қазір кейбіреулер мұны әртүрлі фейк ақпаратпен көрсетіп жатыр. Бұл қол көтеру емес. Ерболат менің екінші телефонымды алып қоятынын түсінген соң, гардеробқа кіріп, есікті жауып алдым. Бұл хайп үшін жасалған нәрсе емес. Түнде осылай сторис жариялап, бұл туралы айтқым да келмеді. Бірақ қазір біз ажырасу процесіндеміз», – деді Төлегенова.

Ол сондай-ақ блогтан біраз уақытқа үзіліс алуы мүмкін екенін жеткізді.

Полиция мәліметінше, 30 қыркүйекте құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде Төлегенованың Threads желісіндегі жазбасын анықтаған. Видеода ол күйеуімен болған жанжал туралы айтып, қолындағы қызарған жерлерді көрсеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тексеру нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталған. Алайда Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, Жанабыловқа отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жауапқа тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Полицияның мәліметінше, Жанабылов бұған дейін пробациялық бақылау талаптарын да бұзған. 28 тамызда сағат 22:00-ден кейін ол көрсетілген мекенжайда болмаған. Бұл факт бойынша да материалдар сотқа жіберілген.

Еске салайық, 2026 жылғы сәуірде блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде – 247 млн теңге көлемінде табыс тапқаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Ерболат Жанабыловқа екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Эльмира Төлегеноваға да 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда оның кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны