USD
USD
USD

Блогер Айшолпан мен кәсіпкер татуласты

Танымал блогер Айшолпан Байтүгел өзін режіткен кәсіпкермен татуласты.

Айшолпан
Фото: әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Оқиға бет күтіміне арналған арнайы жоба аясында басталған. Айшолпанның сөзінше, бьюти-сарапшы түсірілім кезінде оның салмағы мен бет күтіміне қатысты жағымсыз пікір айтқан. Бұл блогердің көңіліне тиіп, ол әлеуметтік желіде эмоционалды жазба жариялаған. Видеода блогер жағдайға ренішін білдіріп, жылап қалды.

Айшолпан
әлеуметтік желіден

Treads, TikTok және Instagram желілерінде Айшолпанды қолдаушылар саны көбейіп, кәсіпкерге наразы оқырмандардың саны артқан. Біраз уақыт өткеннен кейін блогер кәсіпкермен бірге отырып видео жариялады.

«Барлығы қалай бар, солай айтайын. Шынын айтсам, қатты назар мен қолдаудан да қорқып кеттім. Оның да жауапкершілігі болуы керек. Бір күн ұрыстың қырық күн кесірі бар. Бірақ осылай болу керек болды. Сол жерде жеке шекарамды қоюды үйренуім қажет еді. Біз қателіктерімізді мойындадық, достастық және мәмілеге келдік. Бұл әңгіме осы жерде тоқтаса екен», – деді Айшолпан Байтүгел.

Кәсіпкер Жұлдыз Әкім оқырмандар мен блогерден кешірім сұрады.

«Осындай жағдай болып қалды. Бір-бірімізді түсінбей қалдық. Уақытылы зерттемей, дұрыс келісімге келмедім. Кешірім өтінемін», – деді кәсіпкер.

Блогердің айтуынша, бұл ешқандай да хайп емес.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры