USD
USD
USD

Блогер Әлішер Елікбаев салық комитетін сотта жеңіп шықты

Салық кодексі қабылданар алдында блогерлер салық төлемегені туралы хабарлама алған. Әлішер Елікбаевтің жеке өзіне 5 млн теңге қарыз есептелген.

Әлішер Елікбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Елікбаевтың айтуынша, дауға себеп болған қаражат қайырымдылыққа жиналған. Ол балалар хосписіне арналған реанимобиль сатып алуға, бүйрек трансплантациясы операцияларына, украиналық дәрігерлерге арналған медициналық жабдық алуға арналған. Ақша есепшотқа түскен бойда бірден қорларға, клиникаларға және техника жеткізушілеріне аударылып отырған, сондықтан салық салынбауы тиіс еді.

Мемлекеттік кірістер комитеті оның уәждерін қабылдамаған соң, блогер сотқа жүгінген.

«Салық органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды, толыққанды салық тексеруін жүргізуден бас тартылды. Өзімнің «түйе емес екенімді» дәлелдеуге жарты жыл кетті», – деді Елікбаев.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Қазақстандағы 854 блогерге салық міндеттемелерін орындау қажеттігі туралы хабарлама жіберген. Олардың 620-сы декларация тапсырып, жалпы 18 млрд 141 млн теңге табысын жариялаған. Ал 234 блогерге қатысты құжаттық салық тексерулері жүргізілуде, жетеуімен сот процестері өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша