USD
USD
USD

Білім бөлімінің бас есепшілерін қорқытып, ақша алмақшы болған адвокат жазаланды

Жаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен облыстық адвокаттар алқасының адвокаты О.Курбанов 5 жылға сотталды, деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.

Сот
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде Курбановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен айып тағылды.

Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен, талабы орындалмаған жағдайда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан.

Адвокат О. Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн. 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатындығын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройы түсіретіндігін алға тартқан.

Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, тағы да басқа сотта зерттелген іс материалдарымен толық дәлелденген.

Одан әрі іс апелляциялық сатыдағы сот алқасында 2024 жылдың 11 қаңтарында сотталған О.Курбанов пен оның адвокатының шағымы негізінде қаралып, нәтижесінде үкім өзгеріссіз қалды, шағым қанағаттандырылмады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі