USD
USD
USD

Білім беру процесіне кезең-кезеңімен AI элементтері енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне кезең-кезеңімен AI элементтері енгізіледі – министр жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы айтты. 

gov.kz
Фото: gov.kz

Білім беру саласындағы жаһандық өзгерістерді, халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстан мектептерде жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізуді бастайды. Бұл жүйе біздің білім беру саласының ерекшеліктерін, мамандардың пікірлерін және оқушылардың қажеттіліктерін жан-жақты ескеріп құрылады – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2025–2026 оқу жылында AI интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары, ал педагогтер үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары әзірленеді.

Министр жаңа форматтағы «Келешек мектептерін» басқару мәселелеріне де тоқталды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа басқару стандарты әзірленді, ал ұлттық жоба мектептерінде жұмыс жасайтын 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқудан өтті. Бұл модель осы жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылады. Әдістемелік сүйемелдеу Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияға жүктелген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер