Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҚО-да вирус жұқтырғандар жаппай жазылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызға жуығы жазылып шықты.

БҚО-да вирус жұқтырғандар жаппай жазылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етуінше, осы кезге дейін облыста 11 947 адам індет жұқтырса, соның 6 377-сі – ауру белгісі барлар, 5 570-і – симптомы жоқтар.

Дертке шалдыққандардың 9 554-і немесе 79,9 пайызы емделіп шықты. Соның ішінде 4 188-і стационарда жатса, 5 366-сы амбулаторлық ем алды.

Өңірде 199 адам коронавирустан көз жұмды. Гүлнәр Мақсотқызының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 591 төсектік 7 жұқпалы аурулар стационарында 351 адам емделіп жатыр. Сондай-ақ 185 төсектік 4 карантиндік стационарда 31 науқас жатыр.

Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы 62 төсектік жансақтау бөлімшелерінде 27 науқас бар. Бұлардың ішінде 9-ы – 35-60, 15-і – 60-80 жас аралығындағылар, үшеуі – сексеннен асқандар. 22 науқастың созылмалы сырқаты бар, соның ішінде 16-сы жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан.

«Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 3, оттегі концентраторына 11, орталықтандырылған оттегі көзіне 101 адам қосылған. Қосымша 1996 төсектік резервтік қор әзірленді, соның 1221-і инфекциялық, 775-і карантиндік стационарда дайын. Емханаларда COVID-19 және пневмония белгілері, созылмалы сырқаты бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 124 мобильді бригада жұмыс жасауда. Мобильді бригада тәулігіне орта есеппен 280 шақыруға барады, соның ішінде 70-і коронавирус бойынша», – деді Г.Әбдірахманова.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық