USD
USD
USD

БҚО-да үш күнде 13 қылмыс жасаған екі жігіт ұсталды

БҚО-да үш күнде 13 қылмыс жасаған екі жігіт құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz

БҚО-да үш күнде 13 қылмыс жасаған екі жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орал қаласы ПБ Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері 15-18 қаңтар аралығында, яғни, осы үш тәулікте 13 қылмыс жасаған 2003, 2004 жылғы күдіктілерді құрықтады. Олар оңай олжа табуды көздеп, қала аумағындағы барлық ықшам аудандарда болып, автокөліктерден аккумулятор мен автомагнитолла, өзге де көлік иесіне тиесілі жеке заттарды ұрлаған. Мәселен, 15 қаңтар күні түнгі сағат 23:00-де белгісіз 3 тұлға Зачаганск ықшам ауданындағы жер үйдің ауласында тұрған Audi автокөлігінің салонына еркін түрде кіріп, аккумулятор мен 10 литрлік темір канистр ұрлаған.

Ал, 16 қаңтарда Зачаганск ықшам ауданындағы жер үйдің ауласында тұрған ВАЗ 2107 автокөлігіне еркін кіріп, магнитофон, аккумулятор, 2 дана дыбыс зорайтқыш, артық дөңгелек сынды бұйымдарды үптеп кеткен. Шаған полиция бөлімінің сақшылары күдікті деген тұлғаларды құрықтады. Үш күнде 13 ұрлық дерегіне қатысы бар күдіктілер ұрлық жасағандарын толық мойындады. Олардан ұрлаған барлық жеке мүліктер түгелдей тәркіленді.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілердің есепке алынбағаны, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси