USD
USD
USD

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкімі сөгіс алды

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкіміне сөгіс беру ұсынылды

БҚО-да тұрғындарды малға теңеген ауыл әкімі сөгіс алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевтің тәртіптік ісі қаралды. 

Кеңес отырысында мәлім болғанындай, Б.Аманғалиевтің журналиспен сұхбат кезінде «Халықты несіне тыңдайсыңдар? Халық қазір мал болып кетті ғой» деген сөзі әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Осылайша, Б.Аманғалиев тұрғындарды малға теңеп, мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексін бұзған. 

«Тәртіптік істі қарау нәтижесінде Б.Аманғалиевке сөгіс беру туралы ұсыным Бәйтерек ауданы әкіміне жолданды», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр

Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кетті

Шәкір Кейкин