БҚО-да тікұшақ апатқа ұшыраған жерге комиссия барды
Мамандар тергеу жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы апатқа ұшыраған жерге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшелері авиациялық оқиға орнында комиссия мүшелері үшін ТЖМ вахталық автобусы базасында жылжымалы жылыту пунктін ұйымдастырды.
"Мүдделі тұлғаларды оқиға орнына жеткізу үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД өтімділігі жоғары "Трэкол" автомобилі жұмылдырылды. Қираған тікұшақтың сынықтары мен бөліктерін сақтауға арналған қоймалар және ангарлар іздеу, оларды жүк автотехникасы мен крандарды тарта отырып жеткізді қамтамасыз ету мәселелері пысықталды".
Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр, сонымен бірге тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері жұмылдырылды.
23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.
Ішкі істер министрлігі 23 ақпанда болған оқиға Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелгенін хабарлады.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі апатта қаза болғандардың фотосуретін жариялады.
Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты Авиация әкімшілігі жоспардан тыс тексеру жүргізетінін мәлімдеді.
Қазір оқып жатыр
Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады
«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті
Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр
«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді