USD
USD
USD

БҚО-да шәкіртін сабаған бапкер заңға тартылмақ

Шәкірттерін сабаған оралдық бапкердің ісін енді сот қарайды, деп хабарлады  «Астана» телеарнасы.

БҚО-да шәкіртін сабаған бапкер заңға тартылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жаттықтырушы 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Дегенмен ата-аналар баласын сабаған бапкерге кешірім беріп, татуласқан. Дегенмен оқытушының қандай жазаға лайық екенін сот шешеді.

“Жаттықтырушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 73-2 бабы 1- бөлігімен әкімшілік материал жинақталып, заңды шешім шығару үшін Шыңғырлау ауданының әкімшілік сотына жолданды”, – дейді БҚО ПД баспасөз хатшысы Дариға Мәжитова.

Бұған дейін желіде Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайсар Құсайыновтың шәкірттерін сабағаны туралы ақпар тараған. Бапкердің әрекеті спортзалдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік