USD
USD
USD

БҚО-да микроқаржы ұйымдарының бірін тонаған ер адамды ұсталды

БҚО полицейлері микроқаржы ұйымдарының бірін тонаған азаматты “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО-да микроқаржы ұйымдарының бірін тонаған ер адамды ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен.

– 1 маусым күні Орал қаласы микроқаржы ұйымдарының бірінің кассирі полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, сағат 15:36-да үстіне камбинезон киген белгісіз ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткендігін айтты. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО ПД полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, қылмысқа барған азамат анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады БҚО полиция департаменті.

Ұсталған адам Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты.

Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

Құмар ойын

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал