USD
USD
USD

БҚО-да қырылған киіктерге қатысты Экология министрлігі пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Батыс Қазақстандағы киіктердің қырылуына қатысты пікір білдірді. 

БҚО-да қырылған киіктерге қатысты Экология министрлігі пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95% - ы төлі, 5% - ы аналықтары.

Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан. 

«Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына  "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді.

Сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.