USD
USD
USD

«БҚО-да инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты»

Бүгін Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Серік Маженов қайтыс болды. Бұл туралы табиғат жанашыры, қоғам белсенді Сәкен Ділдахмет хабарлады.

«БҚО-да инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәкен Ділдахметтің жазуына қарағанда, Серік Маженов браконьерлердің қолынан қаза тапқан болуы мүмкін. 

«Алдын ала белгілі болғандай, С.Маженов браконьерлердің шабуылынан қаза болған. Мән-жай анықталып жатыр. Серікті жақсы білетін едім. Шыншыл, жақсы адам болатын. Осы салада 15 жылдан астам қызмет етті. Орны толмас қайғы! Иманды болсын», – деп жазды белсенді.

Алайда Экология министрлігі браконьерлердің шабуылы болғанын жоққа шығарды.

«14 желтоқсанда шамамен 09:30-да БҚО Теректі ауданының Ақжайық ауылының маңында Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылық бөлімінің жетекшісі, 1977 жылы туған Серік Маженов қаруды қауіпсіз пайдаланбағанның салдарынан қайтыс болды», – деп мәлімдеді министрлік.

Көп ұзамай белсенді Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі жазбасын өзгертіп, «инспектордың қазасы қаруды қауіпсіз пайдаланбаудан» болғанын айтты. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан