USD
USD
USD

БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды, Tengrinews.kz.

БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 26 қазанда Ақжайық ауданы Чапаево ауылында түнде болған. Полиция департаменті мәліметінше, 51 жастағы күдікті жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғып алған. Жедел жәрдемді күтпестен полицей медициналық мекемеге жеткізілген. Ол Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жетпей қаза болған.

Марқұм бұрын ішкі істер органдарында, яғни Ақжайық аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы болып жұмыс істеген.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 28 қазанда Ақжайық ауданының тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берген.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов