USD
USD
USD

БҚО-да бір күнде жол апатынан алты адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың бірінші күні үш жол апаты тіркелді. Апаттан алты адам қайтыс болды, ішінде кәмелетке толмаған бір бала бар.

БҚО-да бір күнде жол апатынан алты адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орал-Атырау тасжолында бір жол апаты болды. Оқиға салдарынан бала зардап шеккен, ол комада

Екінші жол апаты Самара-Шымкент тасжолының 313-шақырымында болды, Toyota Prado мен Ваз 2112 соқтығысты. Оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болды, зардап шеккендер ауруханаға түсті.

Үшінші оқиға Деркөл ауылы маңындағы айналма жолда болды. Hyundai Santa Fe мен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ауруханаға барар жолда есін жимастан 9 жастағы бала көз жұмды.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті өкілі.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana